Атырауда балық аулауға шығып, хабар-ошарсыз кеткен жігіттің денесі табылды

Атырау облысы полициясы 10 қыркүйек күні достарымен бірге балық аулауға кетіп, содан бері ұшты-күйлі жоғалған жігіттің денесін тапты.

stan.kz

1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың өлі денесі бүгін таңғы 9:30 шамасында Жайық өзенінен, балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықтан табылды.

Алдын ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, біз кеше 36 жастағы жігіттің із-түзсіз кеткенін хабарлаған едік.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

10 қыркүйек күні Атырау қаласы Алмалы ауылының маңында достарымен бірге балық аулауға кеткен 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың үйге оралмағанын жақындары полицияға хабарлаған. Әлеуметтік желіде бұған қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер тарап жатыр.

Loading...