Президент Қырғыз елімен шекарадағы ахуалға назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызбен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты іске назар аударды.

ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды.

"Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді", - деп жазды Ақордадан.

Loading...