Ливияда су тасқыны болып, 10 мың адам із-түссіз жоғалып кетті

Ливияда жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан 5 мыңнан аса адам қаза тапты.

stan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"125 мың адам тұратын Дерна қаласында құрбан болғандар саны 2300 адамнан асты, тағы 7000-ға жуық адам жарақат алып, 5 мыңға жуық адам із-түссіз жоғалған", – деді Ливия төтенше жағдайлар қызметінің өкілі. 

Билік өлім-жітім саны 10 мыңға жуық екенін жеткізді.

"Мәйіттер - теңізде, аңғарларда, ғимараттардың астында жатыр. Қаланың 25 пайыз тұрғыны жоғалып кетті десем, артық айтқаным емес. Көптеген ғимараттар қирады", – деді азаматтық авиация министрі Хичем Абу Чкиват. 

Толассыз жауған жаңбыр бүкіл ауданды шайып кеткеннен кейін құтқарушылар үйінді астынан жүздеген мәйіттерді шығара бастады. Ливиядағы IRFC делегациясының басшысы Тамер Рамадан қаза тапқандар саны өте көп екенін айтты.

"Біз тәуелсіз ақпарат көздерінен із-түзсіз жоғалғандар саны 10 мыңға жеткенін растай аламыз", – деді ол.

Ливиялық Қызыл Жарты Айдың үш еріктісі қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды. Ал жедел жәрдем бригадалары жергілікті жерде көмек көрсету үшін жұмылдырылып жатыр.

 

Loading...