"Қазақстандық футбол ЭКСПО сияқты. Пайдасы жоқ!": Қуат Хамитов еліміздегі футболға қатысты сын айтты

Қуат Хамитов еліміздегі футболға қатысты сын айтты

tengrinews.kz

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат "Найман" Хамитов еліміздегі футболға қатысты кезекті рет сын айтты, деп хабаралайды Vesti.kz.

Бұл жолы Хамитов Еуро-2024 іріктеуіндегі Қазақстанның Солтүстік Ирландияны ұтқанына қатысты ойын айтты. 

"Қазақстандық футбол - ЭКСПО сияқты. Миллиардтар жұмсадық, ал пайдасы жоқ! Жарайды автономиялық бір республиканы ұттық, алайда бұл соған тұрарлық болды ма?", - деп жазыпты Хамитов Instagram-дағы стористе.

Loading...