Астанада жаңбыр жауып, көшелерді тағы да су басты

Әлеуметтік желіде Астананың су басқан көшелерінде түсірілген бейнежазбалар пайда болды.

stan.kz

Бейнежазбалардың бірінен көшедегі тұрғындардың тізеден су кешіп жүргенін көруге болады. Ал екінші бір бейнежазбада тұрғын үйдің кіреберісін толықтай су басып қалған.

Астана әкімдігі қаладағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

“Астанада жауын-шашынға байланысты қала бойынша 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Су басқан учаскелерде бригадалар жұмыс істеп жатыр”, – делінген әкімдік хабарламасында. 

 

Loading...