Қостанай облысындағы көпіршік кешінде 9 жасар қызды тоқ соқты

Қостанай облысынның Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған көпіршік шашу кешінде кішкентай қызды тоқ соққан

stan.kz

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жазатайым оқиға 25 тамыз күні болған. Көпіршік кешінде 9 жасар қызды тоқ соққан. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша Полиция ҚК-нің 306-бабы 2-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Loading...