Атырауда достарымен балық аулаған адам жоғалып кетті

10 қыркүйек күні Атырау қаласы Алмалы ауылының маңында достарымен бірге балық аулауға кеткен 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың үйге оралмағанын жақындары полицияға хабарлаған.

/stan.kz

Әлеуметтік желіде бұған қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер тарап жатыр. Stan.kz тілшісі мәселенің мәнісін анықтамақ болды.

"Жігіттер демалған орынға келгенде қоқыс та, тамақ пісіретін қазан да, ештеңе болмаған, құдды жылан жалағандай. Сондай-ақ Ерболдың ұялы телефонынан күдікті бейнежазба табылған. Одан қараңғыда оның ауыр тыныстаған дауысы мен достарының "мына жағынан ұста" деген сөздерін естуге болады. Достарының бәрі де бірдей сөйлеп отыр", – делінген Instagram желісіндегі жазбада. 

Бірақ облыстық полиция департаменті бұл қауесеттердің бірде-бірін растамады. 

"Бүгін үшінші күн құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізуде. Іздеу жұмыстарына полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер жұмылдырылған. Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауларыңызды және де нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса, "102" операторына хабарлауыңызды сұрайды", – деді департаменттің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.

Туыстары жоғалған азаматты көрген адамдар болса, 8(701)4608002 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Loading...