Португалия Роналдусыз ойында рекорд орнатты

Португалия құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Люксембург командасын ойсыратты

УЕФА

J тобындағы кездесу Португалияның Фару қаласында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 9:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Гонсалу Инасиу (12 және 45-минут), Гонсалу Рамуш (18, 34) және Диогу Жота (57, 77) дубль жасады, ал Рикарду Орта (67), Бруну Фернандеш (83) және Жоау Феликс (88) бір голдан салды.

Бұл матчте португалиялықтар Криштиану Роналдусыз ойнады. 38 жастағы форвард сары қағаз түріндегі ескертудің саны асып кеткендіктен матчке қатыса алмады. Еуро-2024 іріктеуіндегі бұған дейінгі төрт ойында Роналду бес гол салған еді. 

 

Loading...