Ақтөбе облысында жол апатынан бес айлық сәби көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан бес айлық сәби көз жұмды.

ortalyq.kz

Қайғылы оқиға 11 қыркүйекте таңғы уақытта Ақтөбе-Астрахань тас жолының 127-ші шақырымында Сағашилі ауылының маңында болды.

Kia Ceed көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, салдарынан көлік аударылған. Көлік ішінде жүргізушінің отбасы болған.

Салдарынан бес айлық баласы қайтыс болып, көлік иесінің әйелі мен 2 жасар ұлы ауруханаға жеткізілді.

 

Loading...