Бізді қайта қосылсын деп дұға етіңіздер. Жахан Отарғалиев халыққа өтініш жасады

Түсініспеушілік болғанын, алайда кездесе қалса бір-біріне амандасатынын айтты

optimism.kz

Актер Жахан Отарғалиев OZMZ ғой бағдарламасында жұбайы Балжан Бидашпен ажырасуы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біріншіден, біз халық алдында жүрдік. Мен ешқашан, қалай қиналсам да отбасыммен хайп істемеймін. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ол кез келген нәрседен шығып кетуі мүмкін. Аллаға шүкір, біз жақсы өмір сүрдік. Қазір біздің арамызда болып жатқан жанжал тек екеуімізге қатысты. Ол екеуіміздің арамызда қалуы тиіс. Қазір «Өзі жоқтың - көзі жоқ» деп, екеуіміз жайлы айтып, өзімді күшті қып көрсетіп қойғаным болмайды. Ол видеоны негізі әлеуметтік желіге салмаймын деген едім,эмоциямен кетіп қалды. Ертесіне неге істедім деп, өкіндім», - дейді Жахан Отарғалиев.

Ол бет жұлысып, соттасып жатқан жоқпыз деп айтты. Түсініспеушілік болғанын, алайда кездесе қалса бір-біріне амандасатынын айтты.

Әзілкеш осы ретте халықтан қайта қосылса екен деген дұға тілеулерін  сұрады.

«Екі жастың ажырасуын қатты жақсы көретін - шайтан. Бізді жақсы көрсеңіздер - екеуі бірге болсын, ата-ана атансын деп қайта дұға етіңіздер. Негативтің орнына сондай жасаңыздар қабыл болуы мүмкін», - дейді актер.

Бұл видеоға пікір жазғандардың да ойлары әр түрлі.

«Біз бұған сеніп жүрсек, бұл бізге сеніп жүр ғой», «стримде отырганша келіншегіне уақыт бөл», «қайтадан қосылып, бақытты отбасы болыңдар! Үбірлі-шүбірлі болыңдар», - деген пікірлер бар.

Loading...