БҚО-да лауазымын теріс мақсатта пайдаланды деп айыпталған шенеунік шекарадан қашып кетпек болған

Лауазымын теріс мақсатта пайдаланды деп айыпталған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының басшысы "Қордай" шекара бекеті арқылы Қырғызстан шекарасын кесіп өтпек болған.

twitter.com

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының басшысы Мәди Отарбаевқа қатысты іс биыл маусым айында сотқа келіп түсті. Содан соң ол 3 тамызда түн ортасында шекарадан өтуге тырысқан.

Ол ҚК 3-тармағының 4-бөлігінің 361-бабы “Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану” бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталуда. Бұған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Мамыр айынан бастап қылмыстық қудалау органы оған елден кетпеу туралы бұйрық берген.

Шетелге қашпақ болғаннан кейін 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының № 2 соты оған бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға өзгертті.

Мәди Отарбаевтың өзі және оның адвокаты бұлтартпау шарасын бұрынғы күйінде қалдыруды сұрады. Сотталушы арам ниеті жоқ екенін айтып, отбасылық және денсаулық жағдайы бойынша Бішкекте тексеруден өткісі келгенін түсіндірді.

Loading...