Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 11-і күнгі ауа райы болжамын жариялады

twitter.com

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, бүгін циклон және онымен байланысты фронталды бөліктердің салдарынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша екпінді жел күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, орталықта бұршақ жауып, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі, ҚР оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта жоғары өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Loading...