Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия футболшыларын ұтты

Қазақстан-Солтүстік Ирландия кездесуінде ұлттық құрама жеңіске жетті.

liter.kz

Ойынның 19-минутта қазақстандық Бахтияр Зайнутдинов қақпаға бірінші болып гол соқпақ болды, 
бірақ доп қақпаның сыртында ұшып кетті. Ал 27-минутта ақтөбелік шабуылшы Максим Самородов есеп ашты. 

Ирландиялықтар 42-минутта есепті теңестіруге тырысқанымен, Самородов пен Нұралы Әліп оларға кедергі болды.

Екінші таймда Солтүстік Ирландия белсенді болып, гол соғуға тырысып бақты. Алайда қақпашы Игорь Шацкий сауатты ойын көрсетті.

Кейін Самородов жарақат алып, ойыннан шығып қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласын шаң қаптырып, 1:0 қорытынды есеппен ойынды аяқтады. Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді. Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 12 ұпай бар.

Loading...