Шымкенттің экс-әкімі әлеуметтік желіде жазған боғауыз сөздерімен жұртты шошытты

Шымкент әкімдігін басқарған тұста ел аузынан түспеген әкім оқырмандарын былапыттады

smartnews.kz

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Үшінші мегаполистің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарын балағаттады.

Әкімнің мұндай әрекеті әзірге түсініксіз, десе де оның әкімдікті басқарған уақыттағы хайп әрекеттері әлі де ұмыт қалмады.

Мәселен, 2019 жылдың жазында Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың Лондон көшелерінде түсірген видеосын желі қолданушылары қызу талқылаған болатын.

"Лондон - әлем астанасы, оны дәлелдеудің қажеті жоқ, әрине. Бірақ мен Қазақстанды көбірек жақсы көремін. Қазақстанда тұрып, жұмыс істеп, әлемге саяхат жасау керек. Нағыз бақыт осы секілді. Әсіресе, бізге - өз отанының патриоттарына", - деген еді әкім.

Қаланы басқарған бір жылдары Шымкентті "зың" деп атап, оны Лас-Вегастан да күшті ету туралы сөз еткен. Лондондағы демалысынан көп өтпей әкім орнынан босатылған еді.

Сондай-ақ көктемде әнші Динара Әлжан Әбдірахымовқа қатысты даулы мәлімдеме жасаған еді. Экс-әкім сомасы 70 мың доллар ақша бергені жайында айтқан еді. Ал бұл мәлімдемені Ғабидолла Әбдірахымов жалған екенін жеткізді.

Loading...