Алматылық 2000 астам оқушы бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап Гиннес рекордын орнатты

9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ күніне» орай 2000 астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнады

gov.kz

9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ күніне» орай 2000 астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Мұны Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының өкілі Қарлығаш Жаппар тіркеді.

Алматы, NEGE. Ол рекордты бекіту туралы арнайы сертификат берді. 

Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы ұйымдастырды. Бүгін Алматы қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік ойынының ордасы болып таңдалды. Бұл туралы Дүниежүзілік және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов хабарлады. 

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.

Loading...