Қарағандылық мұғалім балаларға патриотизм туралы сабақ өткізуге қарсы шықты

Біздің Қазақстан – онсыз да жемқор мемлекет, - дейді ол

видеодан скриншот

Қарағандыдағы №5 мектептің мұғалімі Игорь Жарликов 2022-2023 оқу жылына дейін 11-сынып оқушыларына «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» сабағы оқытылмағанын айтты. Оның пікірінше, қазір сол пәнді мектеп басшылығы оқу бағдарламасына мәжбүрлі түрде енгізген көрінеді.

Үзіліс кезінде маған 11 «Б» сыныбының оқушылары келіп, «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» пәнін оқып жатқандарын, жазуға мәжбүрлеп жатқандарын айтты. Олар балаларды қорқытып, егер жазбаса қиындыққа тап болатындарын жеткізген. Тағы да айтамын, шындықты айтудан ешқашан қорықпа! Біздің Қазақстан – онсыз да жемқор мемлекет.

Соңғы бюджет ақшасы ұрланып жатыр. Пәнді таныстырғаны үшін алған жалақысы – ата-анаңның, салық төлеушілердің ақшасы. Бірақ, ең бастысы – сіз және сіздің ұстанымыңыз. Сондықтан, ұл-қыздар, азаматтық ұстанымдарыңызды көрсетулеріңізді сұраймын. Негізі мектепте патриоттыққа, адалдыққа тәрбиелеу керек, бірақ олар өтірік айтуды үйретіп жатыр», – деді тарих пәнінің мұғалімі.

Қарағанды облысының білім басқармасы бұл ақпараттың тексерілетінін хабарлады.

«Егер бейнежазбада көрсетілген ақпарат расталмаса, мектеп әкімшілігі іскерлік беделін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге құқылы. Сонымен қатар, мұғалімнің бейнехабарлама жазылғаннан кейінгі күндерде сабаққа келмеуі еңбек заңнамасын тікелей бұзу болып саналады», - деп мәлімдеді ведомство.

 

Loading...