Мароккодағы жер сілкінісі: 630-дан астам адам қаза тапты

Мароккода күшті жер сілкінісі салдарынан 630-дан астам адам қаза тапты. 330-ға жуық адам жарақат алды.

Бейнеден алынған кадр

Магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі Марракештен 70 шақырымдай жерде болған. Табиғи апат жергілікті уақыт бойынша 23:00-ден кейін басталды. Жер сілкінісі жақын маңдағы бірқатар қалаларда да сезілді. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Марракештің ескі бөлігінде бірнеше ғимарат қирады.

Ішкі істер министрлігі жер сілкінісінен зардап шеккендердің көпшілігі таулы аймақтарда тұратын тұрғындар екенін хабарлайды. Құтқарушыларға ол жерге жету қиын. Кейбір аймақтарда электр жарығы мен су беру жартылай үзілген.

 

Loading...