Астанада полицейлер 8-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Астанада полицейлер көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды.

stan.kz

Полицияға Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінен белгісіз азамат 8-қабаттың терезесінен секірмекші болғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына келкен полиция қызметкерлері балкон терезесінде қолымен асылып тұрған ер адамды байқаған.

Тәртіп сақшылары 8-қабатқа жедел көтеріліп, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды ұстап қалып, ішке тартып кіргізген. Дегенмен мас ер адам қатты айқайлап, өзін босатуды сұраған.

"Біз экипаж мүшелерімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, балконда салбырап, төменге секіргелі тұрған ер адамды көрдік. Санаулы секундтарда жоғары көтеріліп, оны қолынан ұстап, пәтерге сүйреп кіргізіп алдық", - дейді полиция қызметкері Асылхан Молдағалиев.

Ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Полицейлер 28 жастағы жігіттің мұндай жағдайға баруына не түрткі болғанын анықтауда. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Loading...