СҚО-да оқушылар құрылысы аяқталмаған мектепте оқып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы оқушылар құрылысы аяқталмаған мектепте оқып жатыр.

stan.kz

Аққайың ауданындағы білім ошағы бірінші қыркүйекте пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ әлі күнге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.лысындағы оқушылар құрылысы аяқталмаған мектепте оқып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқушылар асханасы ашылмаған, дәретханасы жоқ, қолқаны қабар бояудың иісіне тұншығып білім алуда. Алайда шенеуніктер өңірдегі білім беру ошақтары жаңа маусымға сақадай-сай дайын деп есеп берген.

Оқу жылы басталғалы мектепте күн сайын балаларды дарылдаған құрылысқа қажет құрылғылардың құлақ тұндырар  дыбысы мен түрлі бояудың өткір иісі қарсы алады. Табалдырықты аттасымен көретіні қалақ ұстаған құрылысшылар. Олар асхананың төбесін енді жөндей бастапты. Ал спорт залында құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Соған қарамастан оқушылар мектептің екінші қабатында білім алуда.

“Бағдарламаны қысқартқан жоқпыз. Бірақ, сабақты ертерек аяқтап жүрміз.Өйткені балаларға тамақ ішу керек. Дене шынықтыру сабағы әзірге сыныпта өтеді. Тоғызқұмалақ сияқты ойындар ойнайды. Екінші тоқсанда бәрі өзгеруі тиіс. Спортпен шынығуды сонда қолға аламыз”, – дейді Рублев орта мектебінің директоры Александр Махиня.

Білім бөліміндегілер құрылыс тамыз айында аяқталуы тиіс еді дейді. Бірақ, аяқасты есіктер мен төбе жабындылары жеткізімей қиындыққа тап болған. Алқам-салқамы шыққан даладағы дәретханаға, мектеп ішіндегі  сапырылысқан құрылысшыларға қарамастан оқу жылын кешіктірмеуді шешкен.

“Тамыздың соңында мектепте болғанда оқу кабинеттері дайын болды. Сылап,сырлау да аяқталған. Ал әлі де жөнделіп жатқан спорт залы мен мәжіліс залына сырттан кіретін бөлек есік бар. Сондықтан балаларға еш кедергі болмайды деп ойладық”, – дейді Аққайың ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сайранбек Жақыпов.

Жөндеуге бюджеттен 135 миллион теңге бөлінген. Шенеуніктер жауапсыздығы үшін мердігер жазаланады деп отыр. Олар жақын арада жұмыс толық аяқталады деген сенімде.

Loading...