Арғы дүниеге асығып тұрамын...

Ермұхан ата, көңілі босап, әңгімесінің соңына дейін аяқтай алмады...

Ашық дереккөзден

Ермұхан ата, қарттар үйінің тұрғыны:

-Ата-анасынан бөлек тұратын орыстарды көргенде жағамды ұстаушы едім. "Сұмдық-ай, күйеуінің әке-шешесін силамаған келіннің, соңынан еріп ата-анасынан безген баланың ана дүниеде жазасы болар"-деп өзімді іштей жұбататынмын. Тағдыр деген қиын екенғой. Басқа салған соң көресің. Кеудеңде жаның болған соң көнеді екенсің. Бір үйде өмірлік жарым, кіші ұлым келінмен және үш немереммен тұратын бақытты от басы болдық. 63-жасыма дейін мектепте химия пәнінің мұғалімі болып қызмет істедім. Содан көзімді шел басып, бір жанарымнан айырылдым. Содан жұмыстан қол үздім. Бір жыл өтпей, бәйбішем аты жаман дерттен көз жұмды. Сол күннен бастап керексіз екенімді түсіндім. Балам мен келінім мен үшін күнде керісіп жататын. Бір-екі рет кетіп қалды. Іштей біліп жүрдім. Кемпірімнің жылын берген соң, балам:"Көке, үйде отырып зерігіп жүргеніңізді байқап жүрмін. Апамның орнын ешкім баса алмайды, білем. Бірақ мен бір шешімін таптым. Қарттар үйінде өзіңізбен қатар құрдастарыңыз бар. Айтар әңгімелеріңіз болады. Оның үстіне жағдайда жасалған екен. Біз сізге барып тұрамыз. Үйге келіп қонақ болып тұрасыз"-деп ашық айтты. Әңгіменің соңын тыңдамадым. Бірден киімімді жинап, дайындала бастадым. Көкірегімдегі кернеген өксіктен балама тіл қата алмадым. Үнсіздік. Түс ауа қарттар үйіне келдік. Құжжатарды тіркеп, сол жерде қалдым. Мені тастап кетіп бара жатқан балама:

-Мен өмірден өткен соң, Құран оқытып, соңғы сапарға шығарып салсаңыздар болды,-дедім. Қара шаңырақтағы ғұмырымның жалғасын қарттар үйінде жалғасарын өмір түгілі түсіме де кірмепті. Шариғатта пенде саналы түрде өзіне қол жұмсауға болмайды. Әйтпесе өлімге асығып тұрамын. Өмірің мағыналы болса, ұзақ ғұмыр жасағанға не жетсін?! Ал қарттар үйінде қай күннің өтіп жатқанын да білмейсің. Қазір мұнда тірішілік жасап жатқаныма үш жылдан асты. Тірішілік деймін-ау, әйтеуір жанбағыс. Айына бір рет балам келіп тұрады. Ал келінім мен немерелерімді осы жерге келгелі бері көрмедім. Мұнда тиісінше жағдай жасалған. Бірақ көңілің тоқ болмаса, көйлегіңнің көк болғаны не пайда?!....

(Ермұхан ата, көңілі босап, әңгімесінің соңына дейін аяқтай алмады...)

Желіден алынды.

Loading...