Семей футзал клубы ел кубогының жартылай финалына шықты

Ел кубогының 1/4 финалы аясында Таразда «Семей» және «Аят» футзалдық командалары арасында матч өтті.

https://t.me/abaiaqparatkz

Тартысқа толы матч біздің жерлестеріміздің 4:2 есебі нәтижесінде жеңісімен аяқталды. Қарсыластың қақпасына голдарды Жомарт Тоқаев, Ринат Төреғазин, Андерсон Дедезиньо және Шыңғыс Есенаманов жасады. Осылайша команда ел кубогының жартылай жолдама алды.

Кубок аясында жерлестеріміз «Рахмет» командасын 3:1 есебімен және «Жетісу» командасын 4:1 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, клуб құрылған сәттен бастап ойыншылар өздерінің өршіл мақсаттары мен талантты құрамымен спорт жұртшылығының назарын өзіне қаратты.

Loading...