"Сүйек болып кеткен": Құлдықта болған қыздарды сыныптастары тауып алған

"Шынымды айтсам, танымай қалдым. Сүйек болып кеткен. Арқасы бүкірейіп кеткен. Мектеп кезінде олар ондай емес еді. Түрі әдемі, сабаққа барып-келетін қыздар еді. Үстерінің бәрі жара, шаштарын қысқа алып тастаған. Малды да, итті де олай қорламаймыз ғой", - дейді сыныптасы Гүлсімжан Әділжан.

"Көреміз" бағдарламасынан

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы мал бағып, нан мен су ғана ішіп, 17 жылдан бері жұпыны тірлік кешкен. Қыздардың сыныптастары  "Көреміз" бағдарламасына сыныптастарының суретін жолдап, хабар берген.

Түркістан облысының тұрғындары Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина 11 жыл бір партада отырған сыныптастарының жай-күйіне алаңдап, бағдарламаға жүгінген. Олардың сөзінше, сыныптастарын туған ағасы еңбек құлдығына жеккен.

Толық ақпаратты келесі бейнематериалдан көріңіздер:

 

Loading...