Нұрлан Қоянбаев Қазақстан-Финляндия ойынында көрермендерге 20 мың туды таратып берді

Ол 20 мың туға қанша қаржы жұмсағанын айтты

massaget.kz

Қазақстан-Финляндия ойынында көрермендерге 20 мың ту таратқан Нұрлан Қоянбаев қанша қаржы жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі Massaget.kz ке сілтеме беріп.

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев Астанада өткен Қазақстан мен Финляндия ойынында 20 мыңға жуық Қазақстан Туын таратты. Massaget.kz тілшісі Нұрлан Қоянбаевпен сұхбаттасып, бұл идея қалай келгенін сұрады.

Әлеуметтік желілерде "Астана Аренада" өткен Қазақстан мен Финляндия арасында өткен ойынның видеолары тарап жатыр. Онда алаңның көк түске боялғаны, көрермендердің бірауыздан қолдау көрсеткені байқалады. Сондай-ақ, әр таймның отызыншы минутында рух беретін "Атамекен" әні де шырқалған.

 

Loading...