Ұрланған 8 айлық сәби Талдықорғаннан табылды

Бала әкесінің туыстарының үйінде болып шыққан

видео кадры tengrinews.kz

Талдықорғанда ұрланған 8 айлық бала табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жетісу облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, бала Талдықорғандағы жеке тұрғын үйде тұратын әкесінің туыстарының үйінде болып шыққан. Қазіргі уақытта нәресте анасына қайтарылды.

Бұл оқиға туралы ақпаратты әлеуметтік желіде "Немолчи.кз" қорының өкілі Дина Таңсәрі таратқан еді. Қор өкілінің айтуынша, баланың әкесі әйелімен жанжалдасып қалған соң, ұлын туыстарының үйіне жасырған.

Әйелі мен енесін ұрғаны үшін ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Баланың болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Loading...