"Мектепке бала сыймай жатыр, ал Қазақстан әр көшеге бір мешіт салып әлек"- Ахметбек Нұрсила

Ахметбек Нұрсила Қосшы қаласының орталығында жаңа мешіттің іргетасын қалау іс-шарасынан кейін өз ойын білдірді

muftyat.kz, коллаж: onnews.kz

Ақмола облысы Қосшы қаласының орталығында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен жаңа мешіттің іргетасы қаланған болатын. Ахметбек Нұрсила осы жағдайдан кейін Фейсбук әлеуметтік желісінде пікірін айтты,- деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі.

“Әр көшеге бір мешіт” Жаңа Қазақстанның алдағы 5 жылға программасы осындай

"Мектепке бала сыймай жатыр, ал Қазақстан әр көшеге бір мешіт салып әлек" деп жазды Аххметбек Нұрсила

Белгілі кәсіпкердің айтуынша әр көшеге мешіт сала бергенше мектеп санын көбейткен дұрыс санайтын сияқты.

Бұған бірі "Мешіттер әлі аз болып тұр. Аллаға шүкір. Ночной, Казино клубтардан жақсы ғой" десе, бірі "Осы мешіт салуды қашан доғарады..? Қосщыда мектеп, аурухана жетіспейді..? Бұлар өз бизнес центрн ашып жанталасып жатыр, онбаймыз...🤔😔" деп пікірін жазып жатыр.

Сонымен қатар ол Қазақстанның мектебінің бірінде оқушылардың көптігінен жүруге орын қалмаған бейнені жүктеген.

 

Loading...