Алматыда жүргізушісі жоқ автобус жүріп кетіп апатқа ұшырады

Әлеуметтік желіде жүргізушісі жоқ автобустың өздігінен артқа қарай жүріп кетіп, жолдағы басқа көліктерге соқтығысқаны жайлы видео пайда болды.

Бейнеден скриншот

Жол апаты 6 қыркүйекте сағат 12:50 шамасында Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысының маңында болған.

Полиция мәліметінше, №79-бағыттағы автобус жол жиегінде тұрып, өздігінен жүріп кетіп төрт көлікке соғылған.

Бұл сәтте автобустың жүргізушісі сыртта болған. Жол апаты салдарынан Kia көлігінің жолаушысы зардап шеккен. Нақты қандай жарақат алғаны белгісіз.

Сондай-ақ полиция бұл іс бойынша тергеуді бастағанын атап өтті. 

 

Loading...