Шенеуліктердің жалақысын 85 000 теңгеге дейін төмендету туралы петиция жарияланды

Петиция мазмұнында Қазақстан халқы барлық шенеуніктерге (әкімдерге, министрлерге, депутаттарға және басқаларға) жалақыны 85 000 теңгеге дейін төмендетуді талап ету туралы ұсынып жазылған.

Ашық дереккөзден

Желіде шенділердің жалақысын 85 000 теңгеге дейін төмендету туралы петиция жарияланды,- деп хабарлайды OnNews.kz  smartnews.kz ке сілтеме беріп.

Бұған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың сөзі себеп.

"Әрине, 85 мың теңгеге өмір сүруге болады, бірақ әр өңірде жалақы мөлшері өсуі керек. Осы әдістеме негізінде қазір жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деген болатын Ордабаев. 

Петицияны шығарғандар вице-министрдің осы бір сөздерін есепке ала отырып, "Олар 85000 ай өмір сүре алатындықтан, оларға мұндай жоғары жалақы төлеген жөн емес" дейді.  

Шенеуліктердің артық жалақысынан түскен ақшаны қазақстандықтардың өзекті мәселелеріне бағыттау керек делінген петицияда.

Атап айтқанда: - балаларға арналған жәрдемақылар;
- мүгедектігі бойынша жәрдемақы;
- асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақылар;
- азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған басқа да әлеуметтік жәрдемақылар.

Петицияға қазірде 40 мыңнан астам адам қолдаса, 200-дей адам қарсылық білдірген.

Қол қою үшін мына сілтеме өтіңіз: петиция

 

Loading...